БҚО полициясына 900 мың теңге тұратын массаж креслосы неге керек?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО полициясына 900 мың теңге тұратын массаж креслосы неге керек? фото ozon.kz

Батыс Қазақстан облысының полициясы 900 мың теңге тұратын массаж орындығы неге керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының полициясы 900 мың теңге тұратын массаж орындығы неге керек екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Бұған дейін қоғам белсендісі Самал Оразғалиева Facebook-парақшасында осы лотқа назар аударған болатын. Сатып алулар сайтындағы скриншотқа сәйкес, орындық 891 694 теңге тұрады.

Фото: mgorod.kz/facebook.com/Өтепбергеновна Самал Оразғалиева

Батыс Қазақстан ПД баспасөз қызметі орындық әлі сатып алынбағанын хабарлады. Бірақ, ІІМ бұйрығына сәйкес, ол "қызметкерлердің психологиялық релаксациясы және психикалық жағдайы үшін" сатып алынады. Массаж креслосы психологтың кабинетіне орналастырылады және "қызметкерлердің жедел тапсырмаларды орындағаннан кейін жұмысын қалпына келтіреді".

Басылым редакторлары бағасы осыған келетін массаж креслоларының сипаттамасын қарастырған. Олар жасанды былғарыдан жасалған және сегіз массаж бағдарламасы бар.

Мұндай орындықтар басқа облыстардағы бірнеше басқармада бұрыннан бар екені атап өтілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети