БҚО тұрғыны дәрігер салғырттығынан аяғынан айырылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО тұрғыны дәрігер салғырттығынан аяғынан айырылды Фото:depositphotos.com

Батыс Қазақстан облысында тұрғын дәрігердің салғырттығынан аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында тұрғын дәрігердің салғырттығынан аяғынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой город" басылымына сілтеме жасап.

Батыс Қазақстан облысы Жәнібек аудандық соты Қылмыстық кодекстің 317-бабы "Медицина немесе фармацевтика қызметкерінің қызметтік міндеттерін тиісінше орындамауы" бойынша істі қарағанын хабарлады. Сотталушы жергілікті ауруханада хирург болып жұмыс істеген. Тергеушілердің айтуынша, ол өз жұмысына салғырттық танытқан.

2023 жылғы 25 қазанда жәбірленуші аяғынан жарақат алды. Ауруханаға жеткізіліп, аяғы антисептиктермен емделген. Дәрігер жарадағы өлі тіндерді алып тастап, жараны кеспей тігіп, білте қойылған. Осыған байланысты ірің экссудат шықпай, жараға білте қойылмай, нәтижесінде сұйықтық жиналған. Тіндер қысылып, инфекция кірген.

2024 жылғы 10 қарашада жәбірленушінің жарақаттанған оң аяғы тобық тұсынан кесілген. Сотта жәбірленуші хирург келтірілген шығынды өтегенін және онымен медиация тәртібімен татуласып, дәрігерді кешіргенін және қылмыстық істі тоқтату туралы арыз бергенін айтты.

"Сот қылмыстық іс материалдарын зерделеп, оларға баға бере келе, сотталушы жасаған қылмыстық әрекет онша ауыр емес қылмыстар санатына жататынын анықтады", - деп хабарлады облыстық сот өкілдері.

Сотталушы қылмыстық жауапкершіліктен босатылып, іс өндірістен қысқартылды. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети