БҚО тұрғыны қарындасын құтқарамын деп суға батып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО тұрғыны қарындасын құтқарамын деп суға батып кетті

Батыс Қазақстан облысында қайғылы оқиға болды. Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері судан ер адам мен 17 жастағы қыздың денесін алып шықты. Ағасы қарындасын құтқарамын деп қаза тапқан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ТЖД оқиға туралы хабар 12 тамызда сағат 16:00 шамасында түскенін мәлім етті. БҚО Бөрлі ауданы Ақсай қаласынан 35 шақырым жерде орналасқан "Рахметов" шаруа қожалығының аумағында екі адам Березовка өзеніне батып кеткен.

"48 жастағы ер адам шомылып жүрген қарындасын құтқарамын деп қаза тапты. Олардың денесі сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - дейді өңір құтқарушылары.

БҚО-да ауа температурасы 37 градустан жоғары болып тұр. Төтенше жағдайлар департаменті жыл басынан бері 29 батысқазақстандық су қоймаларында қаза болғанын, оның 10-ы балалар екенін атап өтті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети