02 шілде 2014 | 21:23

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев қыз балаға қол жұмсады

ПОДЕЛИТЬСЯ

 Тengrinews.kz сайтының иллюстрациясы Тengrinews.kz сайтының иллюстрациясы

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "қыз балаға қол жұмсап, оған дене жарақатын келтірді" деп айыпталуда, -деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Бокстан Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев "қыз балаға қол жұмсап, оған дене жарақатын келтірді" деп айыпталуда, -деп хабарлайды Tengrinews.kz Астана қаласы ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласы ІІД баспасөз қызметінің мәліметіне қарағанда, 29 маусым күні Астана қаласы ІІД-не бір әйел азамат арыз шағым түсірген. Жәбірленушінің айтуынша, маусым айының 28-інен 29-ына қараған түні астаналық кафелердің бірінде бокстан олимпияда чемпионы Бақтияр Артаев оған тән жарақатын жеткізген. "Қазір аталмыш оқиғаға байланысты тексеру амалдары жүріп жатыр, сот-медициналық сараптама тағайындалды" дейді баспасөз қызметінен.

Ал жәбірленуші Айсұлу Ибрашова болған жағдайды тәтпіштеп айтып берді. "Ол мені Fashion түнгі клубында ұрды. Соққы кәсіби болды. Дәрігер "бақытыңа қарай бар күшін салмаған" деді. Біз құрбым екеуміз онда көңіл көтеру үшін барған едік. Алайда мұндайға тап боламыз деген ойымызға кіріп шықпапты. Үстімізде шалбар мен кофта болды. Жаман ойға жетелейтіндей киінген жоқпыз. Мас та емеспіз. Ешкімге кедергі жасамай-ақ, шеткері жерде билеп жүргенбіз. Бір кезде қасымнан өтіп бара жатқан ер азамат мені құйрықтан тартып жіберді. Не болды деп жалт бұрылып қарағанымда, бір жігіт кешір деді. Құрбым "бұл бокстан олимпияда чемпионы Бақтияр Артаев қой, мен оны білемін, ол мұнда жиі болады" деді. Мен шағымданамын деп айтқаным сол еді жұдырық жағыма келіп тиді. Оның қасындағы жігіт мені ұстап қалды, ал сол кезде Артаев қашып кетті" дейді Айсұлу.

Оның сөзіне қарағанда, ешкім болған жағдайға мән бермеген. "Күзетшілер, айналадағылар үнсіз қарап тұрды. Ешкім араша түспеді. Тіпті не болды деп сұраған адам болмады. Оны сол кезде-ақ анықтады. Артаевтың өзі екі рет телефон соқты. Бірінші рет алдыңғы күні хабарласып, кездесуді сұрады. Мен тек куәгерлердің алдында ғана кездесетінімді айттым.

Ал ол болса, жеке кездесейік деді. Ал мен одан қорқамын. Ол "қаламасаң өзің біл деп тұтқаны тастай салды" дейді Айсұлу Ибрашова

"Кейіннен мен кәсіби спорт клубына хабарластым, ондағылар Артаев өзі хабарласады деді. Сол күні түнде Артаев телефон соғып, кешірім сұрады. Мен не үшін құйрығымнан тартып жібергенін сұрадым. Ол болса, "сіз маған аяғыңызды көтердіңіз" дейді. Ондай болған емес. Сосын жағдайын айта бастады. Куәгерлердің алдында кездесейік деді. Бәрі "егер ол ішіп алған болмаса ондай нәрсеге бармас еді" дейді. Сот-медициналық сараптама жасалды. Менің бетім көгеріп қалды. Астыңғы жағым орнынан қозғалған. Тамақ іше алмаймын. Жұмысқа да барудан қалдым" дейді жәбірленуші.

Естеріңізге сала кетсек Бақтияр Артаев 2004 жылғы Афины олимпиадасының соңғы күні Қазақстан қоржынына жалғыз алтын медалді салған болатын. Сонымен қоса, олимпияданың үздік боксшысы ретінде Вэл Баркер Кубогін иеленген еді. Жартылай финалда ол олимпияда ойындарының екі дүркін чемпионы ресейлік Олег Саитовті жеңді. 2004 жылы 21 қыркүйекте Қазақстан президентінің жарлығымен Афинде өткен XXVIII жазғы олимпияда ойындарында жеткен жетістігі және дене шынықтыру ісі мен спортқа қосқан үлесі үшін Бақтияр Артаев І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталған болатын.

Айта кетерлігі, бұл қазақстандық боксшылардың қатысуымен болып отырған бірінші даулы жағдай емес. Бұған дейін 2008 жылғы Пекин олимпиядасының жеңімпазы Бақыт Сәрсекбаев өзінің бапкері Карим Махмудовпен пәтерге таласып, соттасқан болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети