Болдуиннің әйелі түсірілімде болған қайғылы оқиға туралы пікір білдірді

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Болдуиннің әйелі түсірілімде болған қайғылы оқиға туралы пікір білдірді Алек және Хилариа Болдуин. Фото Reuters.com

"Ржавчина" фильмінің түсірілімі кезінде абайсызда оператор Галина Хатчинсті атып өлтіріп, режиссер Джоэль Соузаны жарақаттаған америкалық актер Алек Болдуиннің әйелі қайғылы оқиға туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Ржавчина" фильмінің түсірілімі кезінде абайсызда оператор Галина Хатчинсті атып өлтіріп, режиссер Джоэль Соузаны жарақаттаған америкалық актер Алек Болдуиннің әйелі қайғылы оқиға туралы пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Хилария Болдуин Instagram парақшасында қайтыс болған Галина Хатчинстің күйеуі мен отбасына қолдау білдірді.

"Менің жүрегім Галинамен, күйеуімен, ұлымен, отбасымен және жақын жандарымен бірге. Әрине, Алекпен де бірге. Мұндай қайғылы оқиға туралы тіпті ештеңе айта алмайсың. Қайғы. Жоғалту. Қолдау", - деп жазды Болдуин.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Hilaria Thomas Baldwin (@hilariabaldwin)

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Hilaria Thomas Baldwin (@hilariabaldwin)

Еске салайық, оқиға АҚШ-тың Нью-Мексико штатында түсірілім алаңында болған. Фильмінің режиссері Джоэль Соуза жарақат алған еді, ал оператор Галина Хатчинс ауыр жарақат алып, Альбукерке қалалық ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер оның өмірін құтқарып қала алмаған.

Галина Хатчинстің ата-анасы қызының өліміне кінәлілерді жазалауды талап еткен. Сондай-ақ, Галина Хатчинстің отбасына ерікті қайырымдылық көмек ретінде шамамен жиналған қаржы 200 мың доллар болды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети