"Бомба қойылған". Ақтөбе облысы ПД поштасына жалған хабарлама келіп түскен

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бомба қойылған". Ақтөбе облысы ПД поштасына жалған хабарлама келіп түскен Видеодан алынған кадр

Ақтөбе облысы ПД поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбе облысы ПД поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы жалған хабарлама келіп түскен, - деп хабарлайды Polisia.kz.

31 мамырда сағат 12:30 шамасында Ақтөбе облысы Полиция департаментінің электрон поштасына оқу орындарының ғимараттарына жарылғыш зат қойылғаны туралы хабарлама келген. Шұғыл қызмет пен сапер тобы дереу оқиға орнына барып, ғимараттардағы жарылғыш құрылғылардың бар-жоғы тексерілген.

М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университеті, Қ.Жұбанов атындағы АӨМ университеті, ЭжСУ және М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтының студенттері, оқытушылары мен жұмысшылары ғимараттан шығарылған. Жарылғыш зат табылмады.

Полиция департаменті жасырын хабарламалардың авторын анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіп жатыр. Осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 273-бабы бойынша (Терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлау) соталды тергеу басталды. Бұл баптың санкциясы бойынша бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Иран әуе кеңістігін ашты

Валюта бағамы

 507.16  course up  594.97  course up  6.53  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети