"Ертiс орманы" резерватының бұрынғы бас директоры бензин жымқырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Ертiс орманы" резерватының бұрынғы бас директоры бензин жымқырғаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Павлодардың қылмыстық сотында Павлодар облыстық аумақтың орман шаруашылығы инспекциясының және Ауыл шаруашылығы министрлігінің жануарлар дүниесі комитетінің бұрынғы басшысы Мәулен Қанатбаевқа, оның қоластындағы қызметкері, бөлім басшысы Дәурен Шағалинов пен "Ертiс Орманы" республикалық табиғи резерватының бұрынғы бас директоры Құмар Құсайыновқа қатысты іс аяқталды.
"Соттың шешімімен Павлодар облыстық аумақтық орман шаруашылығы инспекциясы мен Ауыл шаруашылығы министрлігінің жануарлар дүниесі комитеті басшысы Мәулен Қанатбаев бопсалау арқылы бірнеше рет пара алғаны үшін айыпты деп танылып, сондай-ақ, бір топ адаммен біріге отырып, мүлікті жымқырғаны үшін айыпталып, 7,5 жылға дейін бас бостандығынан айырылды. Ал бөлім басшысы Дәурен Шағалинов бір топ адаммен келісу арқылы пара алғаны үшін кінәлі деп танылса, "Ертiс орманы" резерватының бұрынғы бас директоры Құмар Құсайынов қызметтік өкілеттігін пайдалана отырып, сеніп тапсырылған мүлікті жымқырды деген айыппен 5 жылға бас бостандығынан айырылды", - деп оқыды сот үкмін судья Жанар Тұрлыбаева.
Сондай-ақ, жазаланғандар өмір бойына мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Айыпталушылар жазасын ортақ режмидегі тәртіпте өтейтін болады.
Онымен қоса, сот осы істегі төртінші фигурант 38 жастағы Дмитрий Черевкоға қатысты сот үкімін шағырды. Сот оны пара алғаны үшін екі жылға дейін бас бостандығынан айырылды.
Айта кетейік, бұл оқиға "Ертiс Орманы" республикалық табиғи резерватында алғаш рет был сәуір айында хабарланған болатын. Ол кезде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметіндегілер бас күдіктідерді ұстаған еді.