Бортсерік қыздың мазасын алған ер адам жазаланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бортсерік қыздың мазасын алған ер адам жазаланды © Тұрар Қазанғапов

Астана соты бортсерік қыздың мазасын алған ер адамды жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана соты бортсерік қыздың мазасын алған ер адамды жазалады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қалалық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 2016 жылдың 30 желтоқсанында болған. Ведомство мәліметінше, ер адам "Эйр Астана" бортында мас күйінде болып, бортсеріктің мазасын алған.

"Жолаушы өз әрекеттерімен қыздың ар-намысына тиіп, қоғамдық тәртіпті бұзып, басқа да адамдарға кедергі келтірді", - делінген соттың хабарламасында.

"Астана қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соттың шешімімен, ер адам ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 1 тәулікке қамауға алынды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", - деді соттағылар.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Түрікменстанға барады

Валюта бағамы

 518.81  course up  609.28  course up  6.55  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети