13 қазан 2016 | 22:21

Босана салып, тәнін саудалауға көшкен жезөкше полицейлердің өзін таңырқатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК кадры © КТК кадры

Оралда босанған соң тәнін саудалауға көшкен жезөкшенің оқиғасы полицелердің өзін таңырқатты. Мұндай оқиғаға БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген рейдке шыққан КТК тілшілері куә болды. 


Иконка комментария блок соц сети

Оралда босанған соң тәнін саудалауға көшкен жезөкшенің оқиғасы полицелердің өзін таңырқатты. Мұндай оқиғаға БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері жүргізген рейдке шыққан КТК тілшілері куә болды. 

"28 жастағы келіншек ұсталды. Өздеріңіз де естіген шығарсыздар, баласын босана сала тән саудасына қайты кірісті. Шақалағы мен өзін асырайтын ақшасы болмаған соң амалсыздан көшеге шықтым дейді", - деп хабарлады БҚО ІІД ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аға жедел уәкілі Владимир Мартынов.

Жиі өткізілетін мұндай шаралардың арқасында ауыр қылмыстар да ашылып жатыр екен. Мысалы, осыдан екі ай бұрын қыздарды секс-құлдықта ұстап отырған қылмыстық топ құрықталыпты. Қазір іс сотқа жетіп, 3 айыпталушы жазасын күтіп отыр.

Рейд кезінде ұсталған қыздардың барлығы, телеарнаның мәліметінше, Оралға ауылдық жерлерден келген. Бір-бірінің аузына түкіріп қойғандай, айтатын әңгімелері де ұқсас. Қаладан жұмыс таппай үйге қайтуға именгенімен, интим-қызмет көрсетуді ар санамапты. Мысалы, өзін Диана деп атаған қыз бір жылда қанша еркекпен төсектес болғанынан шатасса да, бір түнде қанша қаражат табатынын жақсы біледі. Күніне 20 мың теңге. Тапқанына өзі мен үйіндегі кішкентайын асырап отыр екен. 

"Үйден кетіп қалғасын құрбым осындай жұмыс барын айтты. Бір-екі рет шақыртуға бардым. Солай басталып кетті", - деп пікір білдіріпті Диана тілшілерге. (Дереккөз: КТК)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети