Бөтен адамның төлқұжатымен шекарадан өтпек болған Қырғызстан азаматшасы ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бөтен адамның төлқұжатымен шекарадан өтпек болған Қырғызстан азаматшасы ұсталды ©tengrinews.kz

Қырғызстан азаматшасы Қазақстан шекарасынан бөтен адамның төлқұжатымен өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан азаматшасы Қазақстан шекарасынан бөтен адамның төлқұжатымен өтпек болған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Қазақстандық шекарашылар мемлекеттік шекараны басқаның атын жамылып кесіп өтуге әрекеттенген қырғызстандық азаматшаның жолын кесті. Қостанай шекара жасағы "Қайрақ авто" өткізу пунктінің наряды «Мерседес» автокөлігімен Ресей Федерациясына бара жатқан Қырғызстанның 30 жастағы азаматшасын ұстады.

Ұсталған адам төлқұжат бақылауынан апайының құжаттарымен өтуге тырысқан. Аталған факті бойынша құқық қорғау органдарына хабарланды. Заң бұзушы ҚР қылмыстық кодексінің 330-бабы, 1-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан әдейі заңсыз өту бабына сәйкес") жауапкершілікке тартылды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети