БҚО-да әкімдіктің экс-қызметкері төбелескен сәт видеоға түсіп қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да әкімдіктің экс-қызметкері төбелескен сәт видеоға түсіп қалған Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде екі ер адамның төбелесі түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желілерде екі ер адамның төбелесі түсірілген видео тарап жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сондай-ақ, видеода төбелеске тағы бір ер адамның қосылғаны байқалады. Видеоға қалдырылған пікірлердің бірінде үшінші ер адамның әкімдікте жұмыс істейтіні айтылған. Нәтижесінде оның расында да әкімдік қызметкері екені расталған.

Бөрлі ауданы әкімдігінің өкілдері төбелес шығарушылардың бірінің осыған дейін әкімдікте заңгер болып жұмыс істегенін айтты.

"Төбелес 24 қарашада болған. 22 қарашада Бөрлі ауданы әкімдігінің заңгері өз еркімен жұмыстан шықты. Жұмыстан кететіні жайлы өтінішті қазанда жазған болатын. Қалған ер адамдардың әкімдікке қатысы жоқ", - деді БҚО Бөрлі ауданы әкімдігі аппаратының басшысы Мұхтар Нұрмақов.

Полициядағылар да осы жағдайға қатысты пікір білдірді.

"Төбелес шығарғандар анықталды. Олардың барлығы - Ақсай қаласының тұрғындары. Екеуі 26 жаста, ал біреуі 24-те. Біреуінің травматикалық пунктке барғаны анықталды. Кейінірек үйіне жіберілді. Оған ҚР Әкімшілік құқық  бұзушылық туралы кодекстің 434-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды", - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ, құқық қорғау органдарының өкілдері төбелестегі басқа ер адамдардың әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын айтты.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети