БҚО-да өткен жылы жөндеуден өткен бөгетті су шайып кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да өткен жылы жөндеуден өткен бөгетті су шайып кетті © mgorod.kz

Батыс Қазақстан облысы Зеленовский ауданындағы Перемет ауылында бөгетті су шайып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысы Зеленовский ауданындағы Перемет ауылында бөгетті су шайып кетті, - деп хабарлайды "Мой город".

БАҚ мәліметінше, ол өткен жылы жөндеуден өткен. Куәгерлер оқиғаның видеосын түсіріп алды. 

 

Өткен жылы жөндеу жүргізген мердігерлер кепілдеме аясында бөгетті қайта жөндеп беретінін айтқан. 

"Биыл қар қалың түсті. Қардың еруінен су көтерілгеннен кейін бөгетті шайып кетті. Мердігерлер кепілдеме міндетін аясында барлығын қайта қалпына келтіреді. Сонымен қатар, облыс әкімі Алтай Көлгінов жобалаушыларды жауапқа тартуды тапсырды. Айта кетейік, ауданға қажетті су мөлшері жиналған", - деді БҚО әкімінің баспасөз қызметі. 

Зеленовский ауданындағы бөгетте құрылыс және нығайту жұмыстары 2017 жылы жүргізілген. Техникалық суды жақын маңдағы Переметті, Полевой, Қаражар және Зеленый ауылдарын қолданады деп жоспарланған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети