БҚО-да тоғызыншы сынып оқушысы өлі табылды: Мазмұны жұмбақ соңғы хат

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да тоғызыншы сынып оқушысы өлі табылды: Мазмұны жұмбақ соңғы хат

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Талдапан ауылында өз үйінде тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Қайғылы оқиға 5 шілдеде болған.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысының Қазталов ауданындағы Талдапан ауылында өз үйінде тоғызыншы сынып оқушысы асылып қалған, - деп хабарлайды "Мой ГОРОД". Қайғылы оқиға 5 шілдеде болған.

Аудан әкімінің орынбасары Зәйлім Мәжитованың айтуынша, қыздың оқу үлгерімі жақсы болған және 8 шілдеде құрбыларымен бірге Астанаға кетуі керек болған. "Отбасында алты бала, ол бесіншісі. Сол күні қыз ауылдағы барлық құрбысына барған, соған қарағанда қоштасқан болуы керек, жарты сағаттан кейін үйіне оралған, сосын оның мәйітін ата-анасы тауып алған", - деді шенеунік.

Әкімнің орынбасары мектеп оқушысының соңғы хат қалдырып кеткенін де айтты, онда марқұм өз өліміне ешкімді кінәламауды сұрапты. "Баланың жанында хат табылды. Онда ол қара-өлім адам оны бұрынан өзіне шақырғаны туралы жазған. "Өзім асылып қалмасам, менің жақындарымды алып кетемін дейді. Қазірдің өзінде ол менің жанымда, асықтырып отыр, сондықтан осылай айдақ-сайдақ жаздым. Өліміме ешкімді кінәламауды сұраймын". Хатта осындай мәтін жазылыпты", - деді ол.

Басылымның мәліметінше, 16 жастағы қыздың бойынан ешқандай да ауытқушылық байқалмаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети