БҚО-да жүк көлігі көпірден құлап кетті: қаза тапқандар бар

ПОДЕЛИТЬСЯ

БҚО-да жүк көлігі көпірден құлап кетті: қаза тапқандар бар Әлеуметтік желіден алынған сурет

Батыс Қазақстан облысында бензин тасымалдайтын көліктің қатысуымен болған жол апатының себептері анықталып жатыр, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Батыс Қазақстан облысында бензин тасымалдайтын көліктің қатысуымен болған жол апатының себептері анықталып жатыр, оқиға салдарынан екі адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Жол апаты 19 шілдеде "Орал - Чинарев мұнай-газ конденсат кен орны" тас жолында болды. Оқиға болған жерде түсірілген суреттер әлеуметтік желіде тарап жатыр.

"КамАз" жүргізушісі рульге ие бола алмай Зеленов ауданындағы Красноармейское ауылына жақын маңда орналасқан көпірден Ембулатовка өзеніне құлап кетті. Бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр", - деп хабарлады БҚО ІІД мамандары.

БҚО еңбек инспекциясындағылардың айтуынша, "КамАз"- бензин тасымалдаушы "Uniserv" ЖШС-ға тиесілі және ол Чинарев кен орнынан конденсат тасуға қолданылған.

"Оқиға болған жерде 50 жастағы жүргізуші мен 28 жастағы жұмысшы қаза тапты. Қазір комиссия құрылды, ол қызметкерлер мен жұмыс берушілердің кінәсін анықтайды", - деді БҚО еңбек инспекциясы басшысының орынбасары Арман Түйгінбетов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети