13 қаңтар 2022 09:05

Бір айдан аса уақыт комада жатқан қазақстандық журналист қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екатерина Панасянның Instagram-дағы суреті Екатерина Панасянның Instagram-дағы суреті

Ақтауда көлік қағып, бір айдан аса уақыт комада жатқан журналист Екатерина Панасян қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.


Ақтауда көлік қағып, бір айдан аса уақыт комада жатқан журналист Екатерина Панасян қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Ладаға" сілтеме жасап.

Панасянның қазасын туыстары естіртті. "2022 жылдың 12 қаңтарында Катюшамыздың жүрегі соғуын тоқтатты", - деп жазды қыздың туыстары әлеуметтік желілерде.

Журналисті Ақтаудың 12-ықшамауданында көлік қағып кеткен. Оқиға 2 желтоқсанда болған. Басында жүргізуші жол жиегіндегі қоршауды соғып өтіп, тротуарға шығып кеткен, сосын қызды қаққан. Жаяу жүргіншілер жолымен келе жатқан басқа адамдар қауіпсіз жерге қашып үлгерген.

Дәрігерлер Екатеринаның жағдайын аса ауыр деп бағалаған. Алайда жол апатынан зардап шеккен ол бір айдан аса уақыт өткеннен кейін көз жұмды.

Екатерина 28-де еді, ерікті болған. Артында күйеуі мен екі жасар қызы қалды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети