Бір оқушы жүкті, екіншісі босанған: Павлодар облысындағы жанжалдың мән-жайы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бір оқушы жүкті, екіншісі босанған: Павлодар облысындағы жанжалдың мән-жайы Фото:depositphotos.com

14 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалған Павлодар облысындағы ауылда бұған дейін тағы бір оқушы жүкті болып, босанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

14 жастағы оқушы қыз жүкті болып қалған Павлодар облысындағы ауылда бұған дейін тағы бір оқушы жүкті болып, босанған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Сегізінші сынып оқушысының жүктілігіне қатысты оқиғадан кейін жаңа деректер белгілі болды. Биыл сәуірде Павлодар облысындағы ауылдардың бірінде өгей әкесінен жүкті болып қалған кәмелетке толмаған жәбірленуші оқитын мектепте тағы бір қыздан жүктілік анықталған.

Ол кезде бұл оқиға көпшілікке мәлім болмаған. Биыл сәуірде оқушы қыз жүктіліктің бесінші айында болған. Бұл ақпаратты Tengrinews.kz тілшісіне Павлодар облысы аудандық білім бөлімі растады.

"Иә, ондай жағдай болды. Қыз мектепті бітірген соң босанды. Тәрбие жұмысын әлсіреткені үшін мектеп директорына сөгіс жарияланды. Бірақ кейін тәртіптік жаза алып тасталды. Біздің білуімізше, ол кезде кәмелетке толмаған қыздың жүктілігіне қатысты қылмыстық іс қозғалмаған", - деп түсіндірді аудандық білім бөлімі.

Облыстық Полиция департаменті бұл факт бойынша құқық қорғау органдарына ешкім хабарласпағанын атап өтті.

Алайда, бір мектеп директоры екі рет тәртіптік ғана емес, әкімшілік жазаға тартылған, бірақ білім ошағында өрт қауіпсіздігін бұзғаны үшін жазаланғаны белгілі болды. Аудандық төтенше жағдайлар бөлімі мәліметінше, мектеп басшылығына ҚР ӘҚБтК-нің 410-бабы "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзғаны немесе сақтамағаны үшін" айыппұл салынған.

Еске салайық, қарашада сегізінші сынып оқушысының жүкті болуына байланысты ауыл мектебінің директоры, оның орынбасары және кәмелетке толмаған бала оқитын сынып жетекшісі қатаң сөгіс алған. Оларға тәрбие жұмысын нашар жүргізді және 25 апталық жүкті болған оқушы қызды қараусыз қалдырды деген айып тағылды. Алайда биыл 5 желтоқсанда Оқу-ағарту министрлігінің Балалар құқығын қорғау комитеті мұғалімдердің заңсыз жазаға тартылып, тәртіптік жазасы алып тасталды деп мәлімдеді. Оның өгей әкесі қызды зорлады деген күдікке ілінген. Ер адам қамауға алынды. Қылмыстық кодекстің 120-бабы 4-бөлігі бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети