31 наурыз 2022 | 11:19

Бір төбе болып үйілген ақша. Ұлттық банк өкілдері Желідегі видеоны түсіндірді

Камила Долаева Журналист

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан алынған кадр Видеодан алынған кадр

Әлеуметтік желілерде қоқыс тастайтын жерде кескіленген бір төбе ақша жатқаны түсірілген видео тарады. Ұлттық банк бұл қандай ақша екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Әлеуметтік желілерде қоқыс тастайтын жерде кескіленген бір төбе ақша жатқаны түсірілген видео тарады. Ұлттық банк бұл қандай ақша екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кадрларда видео авторы кескіленген 10 000, 5000, 2000 теңгені көрсетіп, бұл Қазақстан ақшасы екенін айтады. "Кім біледі, не үшін турап тастаған" деген сауал да қойылады. 

Ұлттық банк видеода Қазақстан валютасының жойылған ескі банкноттарының брикеттері көрсетілген болуы мүмкін екенін айтты.

"Алайда видеодан ақшаның шын немесе жалған екенін ажырату мүмкін емес", - деді Ұлттық банк өкілдері. Видеоның түсірілген күні туралы ақпарат жоқ.

Ведомство өкілдері Ұлттық банктің ұлттық валюта банкноттары мен монеталарының эмитенті ретіндегі міндеттерінің бірі - айналыстағы қолма-қол ақшаны тиісті сапа жағдайында ұстап тұру екенін түсіндірді. Яғни тозған деп танылған, айналыста одан ары пайдалануға жатпайтын барлық банкнот қолма-қол ақша айналымынан алынады, содан кейін тиісінше, жойылады.

"Ұлттық банк белгілеген тәртіппен банкноттарды жоюға және брикеттеуге арналған жабдықта ұсақ бөліктерге кесіледі. Тозған банкноттар - Қазақстан Республикасы ұлттық валютасының банкноттары мен монеталарының төлем қабілетін айқындау қағидаларында көрсетілгендей, ақауы бар банкноттар", - деді Ұлттық банк баспасөз қызметіндегілер.

Мынадай ақауы бар банкноттар тозған болып саналады:

1) бояғыш заттар төгілген, оның ішінде жайылып кеткен бояулармен жазылған жазбалары бар;
2) бөгде жазбалары бар, оның ішінде, ультракүлгін жарық түсірген кезде көрінетін, арнайы химиялық ұнтақпен өңделген және машинамен оқылатын белгілерді көрсетпейтін;
3) жыртылған, желімденген немесе бір банкноттың желімденбеген бөліктері және Ұлттық банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде 70 пайызын құрайтын банкноттар;
4) бұрышынан немесе шетінен өлшемінің бір пайызынан астамын жоғалтқан, бұл ретте Ұлттық банк белгілеген банкнот өлшемінің кемінде жетпіс пайызын сақтап қалған;
5) түссіз жабысқақ лентамен желімденген жыртығы бар;
6) банкноттағы тесіктердің болуы оны айналымнан шығару үшін тесілгенін білдіретін жағдайларды қоспағанда, диаметрі 3 және одан астам миллиметр болатын ойықтары, тесіктері және жыртықтары бар;
7) банкнот бейнесінің жоғалуына әкеп соқтырған сырылу белгілері бар;
8) от шалған және күйген, бірақ бұл ретте Ұлттық банк белгілеген банкнот көлемінен кемінде жетпіс пайызын сақтап қалған;
9) банкнот бейнесінің және ашықтығының төмендеуіне әкеп соқтырған, бет және (немесе) сырт жақтары кірлеген банкноттар тозған банкноттар. Кірлеу дегеніміз шаңның, кірдің, майдың және басқа да ластағыш заттардан банкнот бетінің қараюымен сипатталатын банкноттардың жай-күйі;
10) үлбіреу және қағаздың қаттылығын жоғалту белгілері бар банкноттар.

Ұлттық банк банкноттар қандай жағдайда жойылатынын айтты.

"Біріншісі: банкноттарды шығару кезінде автоматтандырылған инспекциялық жүйелер мен визуалды бақылау құралдары қолданыла отырып сапаны бақылау жүргізіледі. Белгіленген стандарттарға сәйкес келмейтін парақтар мен жекелеген банкноттар (технологиялық қалдықтар) белгіленген тәртіппен арнайы жабдықта ұсақтау арқылы жойылады.

Екінші: тозған деп танылған барлық банкноттар жойылуға жатады, ал айналысқа оның орнына эмиссиялық банкноттар шығарылады.

Ұсақталғаннан кейін брикет түріндегі әртүрлі номиналдағы банкноттардың технологиялық қалдықтары одан ары  утилизациялау үшін жеткізуші компанияға жіберіледі", - делінген ведомствоның Tengrinews.kz-ке жауабында.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети