Бішкектен Мәскеуге бет алған автобус Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Автобустың салонында 20 қырғызстандық азамат болған, - деп хабарлайды КирТАГ.
Бішкектен Мәскеуге бет алған автобус Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасына ұшырады. Автобустың салонында 20 қырғызстандық азамат болған, - деп хабарлайды КирТАГ.
Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігінің мәліметінше, оқиғаға байланысты мәліметтерді анықтау үшін ҚР СІМ елшілік қызметі департаменті, Қазақстан ІІМ кезекші бөлімі, Төтенше жағдайлар комитеті және ҚР ІІМ жол полициясы, сонымен қатар Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан, Қостанай және Ақтөбе облыстарының ІІД-нің кезекші бөлімдерімен байланыс орнатылған.
"Жол жүріп бара жатқан автобус екінші күні, 30 қазанда, Қазақстан жерінде шамамен таңғы 04.00-де 20 аударылған. Салонында 20 қырғызстандық болған. Барлық жолаушы зардап шеккен. Бес адам ауыр жағдайда ауруханаға жеткізілген", - деп жазды жолаушы Нұрқыз Назарқұлова Facebooк желісіндегі жеке парақшасында.
"Осы мәлімет бойынша, құзырлы органдарда ҚР аумағында жол-көлік оқиғасы тіркелмеген. Сонымен қатар, елшілік жолаушы Нұрқыз Назарқұловамен телефонмен хабарласқан. Оның айтуынша, 2016 жылы қазанның 29-нан 30-на қараған түні шамамен сағат 05.30-да ҚР Ақтөбе облысында "Мерседес-Спринтер" жүргізушісі тізгінге игере алмай, автобус жол жиегіне шығып кетіп, аударылған", - деді елшіліктегілер.
Елшілік өкілдерінің мәліметінше, салонда 18 жолаушы және екі жүргізуші болған. Зардап шеккендерге Ақтөбе облысының Хромтау ауданының ауруханасында көмек көрсетілген, ал қалған 13 адам басқа көлікпен Ресей Федерациясына сапарын жалғастырған. Зардап шеккен бес жолаушы Қырғызстанға қайтуға шешім қабылдаған.
"Назарқұлованың айтуынша, жолаушылардың жүргізушіге наразылығы болмағандықтан,ҚР құзырлы органдарына арыз түсірмеген. "Мерседес-Спринтер" Бішкектен Мәскеуге жол тартқан, оның салонында Қырғызстан азаматтары болған", - дейді елшіліктегілер.