Букмекерлік кеңсе Алматы тұрғынының сан миллиондаған ұтысын бермейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Букмекерлік кеңсе Алматы тұрғынының сан миллиондаған ұтысын бермейтін болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Алматы қалалық сотының сайтына істе жеңіліс тапқан Асланбек Жамаловтқа қатысты ақпарат жарияланды, ол "Олимп" букмекерлік кеңсесінің басшылығынан 11 860 100 теңге көлеміндегі ұтысын өндіріп алмақшы болды.
Асланбек Жамалов 2013 жылы шілдеде букмекерлік кеңседе 10 000 теңгеге эксперсс-ұтыс тіккен. Кассада клиент минималды ұтысты 20 000 теңгеге ауыстырған, нәтижесінде ол бұл цифрдан асыра төледі. Ұтыс 11 860 100 теңге көлемінде болды.
"Алайда букмекер ұтысты дұрыс деп танудан және ақшаны төлеуден бас тартқан. Кассациялық сот коллегиясы ҚР АПК 383-20, 383-22 баптарын басшылыққа ала отырып үкім шығарды: 2014 жылы 13 қаңтарда шыққан Әуезов аудандық №2 сотының және Алматы қалалық сотының азаматтық және әкімшілік істер бойынша аппеляциялық сот коллегиясының 2014 жылғы 4 сәуірде шығарылған осы азаматтық іске қатысты қаулысын өзгеріссіз қалдырып, арызданушы өкілінің кассациялық шағымын қанағаттандырмайды", - делінген Алматы қалалық сотының сайтында.
Бұл іс бойынша процесс 1,5 жыл жүрді. Сот бұл іске қатысты барлығын зерттеп, тексеріп, түсінік алды. Дегенмен соңында Жамаловқа 80 880 теңге көлемінде қаржыны өндіріп беру туралы шешім шығарылды. Ал қалғаны қанағаттандырылмады.