03 мамыр 2024 | 12:51

"Бұл қорқыту емес" - судья Бишімбаевтың адвокатына

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов © Tengrinews.kz 2024. Тұрар Қазанғапов

Қуандық Бишімбаевтың сотындағы жарыссөзде сөз сөйлеген адвокат Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаевамен сөзге келіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қуандық Бишімбаевтың сотындағы жарыссөзде сөз сөйлеген адвокат Ерлан Ғазымжанов судья Айжан Құлбаевамен сөзге келіп қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атап айтқанда, Бишімбаевтың адвокаты айыптау қорытындысына сәйкес, сотталушыға тек үш қол көтеру дерегі бойынша айып тағылғанын және мұны Нүкенованы жүйелі түрде қинады деп санауға болмайтынын атап өтті.

"Егер Қылмыстық кодекстегі бапты қарасақ, онда қинаудың не екені жазылған. Қинау - бұл жүйелі түрде ұру. Бірақ бірге өмір сүрген бір жылдағы үш жағдай - бұл жүйелі түрде ұрып-соғу ма? Олар демалысқа барды, қалаған жерінде қыдырды, қалағанын жеді, қымбат зергерлік бұйымдар, киім киді, үш жағдай, бұл жүйелі түрде қинау ма? Әрбір отағасын... онда кез-келген отбасына кіріп, жылына үш жанжал үшін 4 жылдан 7 жылға дейін қамайқ", - деді Ерлан Ғалымжанов.

Судья Айжан Құлбаева қорғаушыға егер ол тағы да мұндай мәлімдемелер жасаса, сот соған сәйкес әрекет етуге мәжбүр болатынын ескертті.

"Сіздің қорқытуыңызды түсіндім. Өйткені, құрметті сот, мені ғана қорқытасыз. Басқаларға неге солай қарамайсыз?" – деп қарсылық білдірді адвокат.

"Қорғаушы, бір минут. Сіз қылмыстық іс жүргізу заңнамасының талаптарын білесіз. Сот жарыссөздерінің бірінші бөлігі тек дәлелденген немесе дәлелденбеген деректер бойынша. Егер сіз тағы бір рет осылай әрекет етсеңіз, тағы да айтамын: сот соған сәйкес жауап беруге мәжбүр болады. Маған сеніңіз, бұл қорқыту емес. Бұл - сіздің қылмыстық-процестік заңнаманы бұзып отырғаныңыз. Қылмыстық-процестік заңнама нормаларын бұзбай жалғастыра беруге болады", - деді судья.

Ғазымжанов сөзін жалғастырды, бірақ біраз уақыттан кейін судья одан орнына отыруын өтінді. Кейін жарыссөз талаптарын түсіндірді. Осыдан кейін ол Ғазымжановқа сөзін жалғастыруға рұқсат берді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети