Бурабай маңында суға батып кеткен екінші қыздың денесі табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурабай маңында суға батып кеткен екінші қыздың денесі табылды

Бурабай маңында суға батып кеткен екінші қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурабай маңында суға батып кеткен екінші қыздың денесі табылды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұловқа сілтеме жасап. 

"12:36-да екінші қыздың денесі табылды, ол кеше Бурабай маңындағы көлде суға батып кеткен еді", - деді Иманқұлов.

Еске салайық, Ақмола облысында көлде екі қыз суға батып кеткен еді. Куәгер Ұлан Әбішевтің айтуынша, қайғылы оқиға 6 тамызда күндізгі уақытта сағат шамамен 13.45-те Бурабай курортының Ақылбай елді мекені жағындағы Малое Чебачье көлінде болған. Қайғылы оқиға туралы мәліметті ҚР ІІМ ТЖК ресми өкілі Руслан Иманқұлов растады. 

"17.09-да Бурабай ауданында, Малое Чебачье көлінде жедел құтқару жасағы 1999 жылғы қыздың денесін алып шықты, ол шомылуға арнайы жасақталмаған жерде шомылған. Сол жақта суға батып кеткен 1996 жылғы тағы бір қызды іздестіру шаралары жүріп жатыр", - деп хабарлады Иманқұлов. 

© Ұлан Әбішев

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети