Бурабайда жас құтқарушы суға кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурабайда жас құтқарушы суға кетті © Тұрар Қазанғапов

16 жастағы жасөспірім Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде суға батып кетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" агенттігі. Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

16 жастағы жасөспірім Бурабайдағы Үлкен Шабақты көлінде суға батып кетті, - деп хабарлайды "Хабар 24" агенттігі. Қайғылы оқиға 19 шілдеде болған. 

Бала Жамбыл облысының бір топ спортшыларымен "Жас құтқарушы" республикалық жарыстарына келген. Жарыс аяқталғаннан кейін жеке саяхат кезінде балалар көлге шомылуға барған. Жас жігіттің жоқтығын байқап, жаттықтырушы дереу құтқарушыларды шақырды. 10 минутта олар спортшының денесін судан алып шыққан, алайда сол кездің өзінде бала тыныс алмаған. 

Баланың денесі туыстарына жіберілді. Полиция қылмыстық іс қозғады.

"Көкшетауда сот-медициналық сараптама жүргізілді. 20 шілде күні сағат 09.30-да Нұр-Сұлтан қаласына әрі қарай тасымалдау үшін сараптама жүргізіліп, құжаттар ресімделгеннен кейін мәйіт Шымкент қаласына жіберілді. Алайда, рейс белгісіз себептермен екі рет шегерілген. 21 шілде күні сағат 10.00-де мәйіт Шымкент қаласына жеткізілді. Тасымалдау шарасымен ритуалды қызмет көрсететін фирма айналысты", - деді облыстық ТЖД басшысының орынбасары Манарбек Шапағатов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети