Бурабай аумағындағы Көкшетау тауында өрт шықты

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бурабай аумағындағы Көкшетау тауында өрт шықты Видео кадры

"Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында өрт шықты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"25 қыркүйекте таңертең жедел кезекші пультіне "Бурабай" МҰТП аумағындағы "Көкшетау" тауында шамамен 800 метр биіктікте түтіннің көрінгені туралы хабарлама келіп түсті. Нақтыланған мәлімет бойынша, өсімдіктер өртенген. Ауданы мен себептері белгіленіп жатыр", - делінген хабарламада.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @sinegor.kz

Өртті жоюға Ақмола облысының ТЖД және "Бурабай" МҰТП жеке құрамының 70-тен аса адамы жұмылдырылып, олар өрт шыққан жерге жаяу барып, өртті сөндіруге кіріскен.

Сонымен қатар, төтенше жағдайлар министрінің тапсырмасы бойынша, тұтануды жедел жою үшін Қазавиақұтқару тікұшағы жұмылдырылған, ол да жану орнына бет алған.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Новости Кокшетау (@716.kz)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 503.19  course down  589.88  course down  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети