Ақмола облысы Бурабай ауданында ер адам құздан құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Ттөтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
Ақмола облысы Бурабай ауданында ер адам құздан құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Ттөтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап.
"2018 жылы 25 шілдеде 11:28-де департаменттің біріңғай диспетчерлік қызметі басқармасының "112" кезекші бөліміне куәгерден хабарлама түскен. Ол Бурабай ауданындағы Абылайхан жазығы аумағында жарақат алған ер адамның жатқаны туралы айтқан. Оқиға орнына 11:29-да жедел жәрдем мен Ақмола облыстық ТЖД құтқару жасағы жөнелтілді", - делінген хабарламада.
11:45-те оқиға орнына жеткен құтқарушылар таулы аймақта азамат Т. серуендеп жүріп, құздан құлап жарақат алғанын анықтады.
"Құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп қауіпсіз аймаққа көшірген. Ары қарай оны ауруханаға алып кеткен", - делінген ТЖК хабарламасында.
Зардап шеккен азаматтың жағдайы тұрақты жақсы.