25 шілде 2018 17:12

Бурабайда ер адам жардан құлап кетті

ПОДЕЛИТЬСЯ

© ҚР ІІМ ТЖК © ҚР ІІМ ТЖК

Ақмола облысы Бурабай ауданында ер адам құздан құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Ттөтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 


Ақмола облысы Бурабай ауданында ер адам құздан құлап, жарақат алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ІІМ Ттөтенше жағдайлар комитетіне сілтеме жасап. 

"2018 жылы 25 шілдеде 11:28-де департаменттің біріңғай диспетчерлік қызметі басқармасының "112" кезекші бөліміне куәгерден хабарлама түскен. Ол Бурабай ауданындағы Абылайхан жазығы аумағында жарақат алған ер адамның жатқаны туралы айтқан. Оқиға орнына 11:29-да жедел жәрдем мен Ақмола облыстық ТЖД құтқару жасағы жөнелтілді", - делінген хабарламада. 

11:45-те оқиға орнына жеткен құтқарушылар таулы аймақта азамат Т. серуендеп жүріп, құздан құлап жарақат алғанын анықтады. 

"Құтқарушылар алғашқы көмек көрсетіп қауіпсіз аймаққа көшірген. Ары қарай оны ауруханаға алып кеткен", - делінген ТЖК хабарламасында. 

Зардап шеккен азаматтың жағдайы тұрақты жақсы. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.05   490.7   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети