Ақмола облысында Бурабайдағы Жеке батыр тауы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ақмола облысында Бурабайдағы Жеке батыр тауы өртеніп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ ТЖК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл өртке қауіптің 4-деңгейі берілген. Оны сөндіру үшін әуеге тікұшақтар көтерілді.
"19 шілдеде 13:00-де Ақмола облысының Бурабай ауданында, Щучинскіден 15 шақырым жерде, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" ММ аймағындағы Жеке батыр тауының шыңында, 852 метр биіктікте құрғақ шөп пен орманнан өрт шықты", - деп хабарлады ТЖК.
Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орны мен ТЖД-да жедел штаб құрылды.
"ТЖД-дан 60 қызметкер мен бес техника, "Бурабай" мемлекеттік ұлттық табиғи паркі" ММ-нен 40 қызметкер, екі техника, бір Ми-2 тікұшағы жұмылдырылды. Көкшетаудан ТЖК "Қазавиақұтқару" АҚ-ның суағар құрылғысы бар Ми-26 тікұшағы ұшып шықты", - деді ведомствода.