Желіде Бурабайдағы өрттің видеосы тарады. ТЖД мәліметінше, ауылшаруашылық құрылыс нысандарынан өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Желіде Бурабайдағы өрттің видеосы тарады. ТЖД мәліметінше, ауылшаруашылық құрылыс нысандарынан өрт шыққан, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан видео авторының "Бурабайда үйлер өртеніп жатыр" деп айтқаны естіледі.
Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 шілдеде сағат 14.40-та Бурабай кентінде өртсөндіруші-құтқарушыларға шаруашылық құрылыстары өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен.
"Өрт шыққан жерге дереу Бурабай ауданының өртсөндірушілері жіберілді. Өртсөндірушілердің жедел әрекеттерінің арқасында өрт ауыздықталып, тұрғын үйге өрттің таралуына жол берілмеді", - деді ТЖД өкілі.
Өрт сағат 15.35-те жойылған. Өрт шыққан жалпы аумақ 80 шаршы метр. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
Ақмола облысының құтқарушылары өңір тұрғындарынан өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды сұрайды.
Сурет: Ақмола облысы ТЖД
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!