14 маусым 2021 11:01

Бурабайға кіреберістегі Welcome to Burabai жазуы қирады

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Жүргізуші Бурабайға кіреберісте орнатылған Welcome to Burabai жазуын қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Жүргізуші Бурабайға кіреберісте орнатылған Welcome to Burabai жазуын қиратты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 13 маусымда кешке болған. Видео әлеуметтік желілерде жарияланды. Полиция мәліметі бойынша, көлік тізгінінде 35 жастағы ер адам болған.

"Skoda Superb маркалы автокөлік жүргізушісі тасжолдың 16-шы шақырымында дөңгелегінің атылып кетуіне байланысты рульге ие бола алмай қалған. Кейін жүргізуші "Welcome to Burabai" жазуына барып соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер мен қаза болғандар жоқ", - деді Ақмола облыстық полиция департаменті өкілі.

Жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы "Көлік құралдарының немесе өзге де мүліктің бүлінуіне әкеп соққан жол жүрісі қағидаларын бұзу" бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети