“Бұрыл, ақымақ“: Астанада жүргізушіге тіл тигізген полицейлер қалай жазаланды?

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

Астана Полиция департаменті жүргізушіге тіл тигізген оқиға бойынша полицейлер қалай жазалағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астана Полиция департаменті жүргізушіге тіл тигізген оқиға бойынша полицейлер қалай жазалағанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Не болған?

Қаңтарда әлеуметтік желілерде Астанадағы жүргізушінің кездейсоқ қарсы бағытқа шығып кеткені туралы видео тарады. Сол жолақпен полиция қызметкерлерінің ілесуімен кортеж келе жатқан.

Оған қарсы екі патрульдік полиция көлігі шығып, олардың бірінен: "Бұрыл, ақымақ!" – деген айқай естіледі.

Сол кезде Астана Полиция департаменті: "Жүргізушіге қатысты полиция қызметкері тарапынан орынсыз сөз қолданылғанына байланысты қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеген еді.

Полицейлер қалай жазаланды?

Tengrinews.kz редакциясының ресми сұрауына жауап ретінде елордалық полиция арнайы патрульдік полиция батальонына қызметтік тергеу жүргізгенін хабарлады.

"Тергеу нәтижелері бойынша, мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексінің нормаларын, сондай-ақ ІІО қызметкерлерінің қызметін реттейтін бұйрықтар мен нұсқауларды бұзғаны үшін полиция капитаны А.Сайлаубекұлы тәртіптік жауапкершілікке тартуға лайық деп танылды. Алайда оған қатысты қолданыстағы қызметке толық сәйкес еместігі тәртіптік жазасы ескеріліп, басшылық осы ескерту шеңберінде қалдыру жөнінде шешім қабылдады", – деді департамент.

Мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін, департамент мәліметінше, "полиция қызметкерлерімен қызметтік тәртіп пен заңдылықты арттыру бойынша тұрақты түрде сабақтар өткізіледі".

Ал жүргізушіге қатысты ешқандай жаза қолданылмаған, "оның әрекетінде әкімшілік құқықбұзушылық болмаған".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети