Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
9 қарашада Астанадағы мейрамханалардың бірінде алған жарақатынан 31 жастағы Салтанат Нүкенова қаза болды. Ол бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың әйелі болған.
Полиция ұсталған адамның жеке басын нақтыламай, оқиғаға қатысты пікір берді.
Тәртіп сақшыларының мәліметінше, қаладағы мейрамханалардың бірінде келушілер арасында жанжал шығып, нәтижесінде бір әйел алған жарақатынан көз жұмған.
"Күдікті қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Оқиға орнында Есіл аудандық ПБ мен ПД жедел-тергеу топтары жұмыс істеп жатыр. Тергеу жүргізіліп жатыр.
Қылмыстық іс жүргізу кодексінің "Сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректерін жария етуге жол бермеу" 201-бабына сәйкес, бұл қылмыстық іс бойынша өзге мәліметтерді ұсыну мүмкін емес", - делінген хабарламада.
Қуандық Бишімбаев 2016 жылдың мамыры мен желтоқсаны аралығында ұлттық экономика министрі болған. Оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 2017 жылдың қаңтарында ұстады.
Бұрынғы министрге қатысты сот төрт айдан аса уақытқа созылды. Бұл іске Бишімбаевпен бірге тағы 22 адам қатысты: "Бәйтерек DEVELOPMENT" АҚ-ның бұрынғы қызметкерлері, кәсіпкерлер мен құрылыс компанияларының өкілдері.
2018 жылдың наурызында Қуандық Бишімбаев 10 жылға бас бостандығынан айырылды. Ол пара алу және ұрлық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.
2019 жылдың қазанында экс-министр бостандыққа шықты.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!