18 желтоқсан 2015 | 17:52

Былапыт сөз айтқан полицейлердің жанжалы неден шыққаны белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© YouTube © YouTube

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Арыс аудандық ІІБ басшысы орынбасары мен оның қоластындағы қызметкермен жанжалы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Оңтүстік Қазақстан облысы ІІД Арыс аудандық ІІБ басшысы орынбасары мен оның қоластындағы қызметкермен жанжалы түсірілген видеоға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция АІІБ қызметкерінің анасының өтініші бойынша тексеру жүргізді. Оның айтуынша, АІІБ әкімшілік полиция бөлімшесінің басшысы ұлынан өз атына несие алуды сұраған. Кейін ол несиені төлеуден бас тартады, осыған байланысты әйел Арыс аудандық ІІБ басшылығынан көмек сұраған.

Ескерту! Видеода былапыт сөз айтылады!

"Дегенмен басшының орынбасары оның ұлына былапыт сөз айтып, қызметінен кетіретіні туралы қысым көрсете бастайды. Шағымға осы бейнежазба да қосылып берілді. ОҚО ІІД ЖҚБ қызметтік тексеру жүргізді, деректерді растады. Басшының орынбасары, полиция полковнигі кінәсін толықтай мойындады. Жиналған материалдар ОҚО ІІД тәртіптік комиссиясына жіберілді", - деп хабарлады ІІД.

АІІБ басшысының орынбасарына қатысты шешім ол демалысынан кейін жұмысқа қосылған соң шығарылады. "Қызметтік лауазымын асыра пайдалану" бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети