05 қазан 2017 | 14:39

"Бізді кім қорғап жүр?". Былапыт сөз айтып, ерегескен полицей қолданушылардың жағасын ұстатты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_rezerv аккаунтында жүргізушілермен жолға таласып, ерегескен полицейдің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Instagram әлеуметтік желісіндегі kris_p_rezerv аккаунтында жүргізушілермен жолға таласып, ерегескен полицейдің видеосы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға Қазақстан қалаларының бірінде үй ауласында болған. Видеода полицей өзінен біршама жас кіші жігітке айғайлап, басқа бір жерде кездесуге ұсыныс жасайды. Сөз арасына былапыт сөз қосып сөйлейтін тәртіп сақшысы ауладағы басқа адамдарға да дөрекі сөйлейді. Ал тағы бір жүргізуші көлікте кішкентай баланың жылап жатқанын айтса да, құқық қорғау органдарының қызметкері оған құлақ аспайды.

Ескерту! Видеода былапыт сөздер айтылады!

Видеоға қатысты пікір жазғандардың басым бөлігі полицейдің бұл әрекетін сөгіп, тәртіп сақшысы ешқашан мұндай әрекет жасамауы қажеттігін айтып жатыр. "Тәртіп сақшысы бізді қорғай ма десек, өзімізді қорқытып жүр", "Бізді кім қорғап жүргенін көріңіздер", "Өзі полицей болса жолдың бәрі өзінікі деп ойлаған-ау деймін" деп пікір жазып жатыр қолданушылар.

Tengrinews.kz тілшісі полицейдің әрекетіне баға беруді сұрап қалалық прокуратураның баспасөз қызметіне хабарласты.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.58   523.88   4.74 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети