Cемейде таксопарктың бас менеджері өзін-өзі атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cемейде таксопарктың бас менеджері өзін-өзі атты © vladnews.ru

Cемейде таксопарктың бас менеджері өзін-өзі атып өлтірді. "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cемейде таксопарктың бас менеджері өзін-өзі атып өлтірді. "Өзін-өзі өлтіру" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оқиға 23 қаңтарда түскі уақытта болған. Ер адам өз үйінен өлі табылған. Оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметкерлері ер адамның оқ жарақатынан қаза тапқанын айтты. Полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. 

"30 жастағы ер адам Торайғыров көшесіндегі үйінен табылды. Оқ жарақатын алған. Полицейлер сотқа дейінгі тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Алдын ала нұсқа бойынша - өзін-өзі өлтіру дерегі. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр", - деді полицейлер.

Қаза тапқан ер адамның кәсіпорын басшысының бауыры болғаны белгілі.

Айта кетейік, "Таксомоторный парк" ЖШС - Семейде жолаушылар тасымалымен айналысатын ірі автобус парктерінің бірі. Сонымен қатар, бұл мекеме халыққа такси қызметін көрсетіп, техника жөндеумен айналысады.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети