"Чукотка" барындағы төбелес: Сотталған Александр Кузнецов бостандыққа шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Чукотка" барындағы төбелес: Сотталған Александр Кузнецов бостандыққа шықты Александр Кузнецов. Фото ©Владимир Прокопенко

Алматы қаласындағы "Чукотка" барында шыққан төбелес ісі бойынша сотталған Александр Кузнецов бостандыққа шықты. Оның өтелмеген жазасы айыппұлға ауыстырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Сотталушы Александр Кузнецовтың өтелмеген 5 жыл мерзімі ҚР Қылмыстық кодексінің 75-бабының 3-бөлігіне сәйкес, айыппұлға ауыстырылды. Айыппұл көлемі - 1 097 281 теңге", - деп хабарлады соттың баспасөз қызметіндегілер.

Еске сала кетейік, бұл оқиға 2015 жылы 6 наурызда Гоголь көшесінің бойында орналасқан "Чукотка" бары маңында болған еді. Бұған дейін төбелестен бір адамның қаза болғаны хабарланған болатын. Алдын ала мәлімет бойынша, төбелес түнгі клубқа келушілердің арасында болған.

Кейінірек осы істе Александр Кузнецов адам өлтірді деп айыпталып, 8 жылға сотталған болатын. Бұдан кейін түнгі клубта болған төбелестен қаза тапқан жігіттің туыстары күдікті Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап еткен еді.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети