10 тамыз 2015 | 13:15

"Чукоткадағы" төбелес: Сот сараптамаларды қайта тағайындады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Александр Кузнецов. © Владимир Прокопенко Александр Кузнецов. © Владимир Прокопенко

"Чукотка" барындағы төбелесте қаза болған адамның өлімі үшін айыпталып, бір жарым жылға сотталған Александр Кузнецов ісіне қатысты апелляциялық отырыс қалалық сотта өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот сараптаманы қайтадан жүргізу керек деп таныды. Істің апелляциялық соттағы тыңдалымы ұзартылды.


Иконка комментария блок соц сети

"Чукотка" барындағы төбелесте қаза болған адамның өлімі үшін айыпталып, бір жарым жылға сотталған Александр Кузнецов ісіне қатысты апелляциялық отырыс қалалық сотта өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Сот сараптаманы қайтадан жүргізу керек деп таныды. Істің апелляциялық соттағы тыңдалымы ұзартылды.

Зардап шегуші тарап бұл іске қатысты сот-медициналық сараптамасын қайтадан жүргізу туралы өтініш жазды, олар бірқатар сараптама жүргізіп, Сырым Мұратқалиевтің шын мәнінде қалай өлгенін анықтамақшы. Қорғаушы тарап өз кезегінде бұл өтінішке байланысты келісімін берген жоқ.

Бейбіт келісімге келу туралы сұраққа жауап берген зардап шегуші тарап Кузнецовтың ондай ұсыныстарды жасағанын айтты. Сонымен қатар, қайтыс болған Сырым Мұратқалиевтің ағасы Кузнецовтың олардың отбасынан кешірім сұрамағынан мәлімдеді.

Қорғаушы тарап (сол жақта) пен зардап шегушілер (оң жақта) сот залында. © Арғын Бөгенбай/Facebook

Айыпталушының адвокаты зардап шегушілерге 5-6 мың доллар көлемінде ақша ұсынылғанын жеткізді, алайда Мұратқалиевтер отбасы одан бас тартып, көп ақша мен пәтерлерді талап етті. Кузнецовтың өзі кінәлі емесін және кінәсіздігін зардап шеккендерге ақша беріп дәлелдегісі келмейтінін айтты.

Александр Кузнецов сот залында. © Арғын Бөгенбай/Facebook

Бұған дейін Кузнецовты қорғаушы тараптың оны ақтап алуды сұрағаны хабарланған болатын. Ал зардап шеккен тарап "Байқаусызда кісі өлтіру" бабын "Адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру" бабына ауыстыруды сұрап, бірінші инстанцияның үкімінің күшін жою арқылы істің прокурорға жіберілуін сұрады.

Еске сала кетейік, Алматыдағы "Чукотка" барындағы төбелес 2015 жылы 6 наурызда болған еді, төбелес кезінде Сырым Мұратқалиев қайтыс болды. Басты айыпалушы Александр Кузнецов бір жарым жылға сотталды.

Жәбірленуші тарап Александр Кузнецовтан 18 миллион теңге және үш пәтер талап ететіндерін мәлімдеді. Олар шығынды азаматтық тәртіппен алатындарын жеткізді. Сонымен қатар, Александр Кузнецовты қорғаушы тарап жаза кесілген кезде заңбұзушылықтың болғанын көрсетті. Ол туралы толығырақ мына жерден оқуға болады.

 
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети