Су басу қаупіне байланысты жергілікті атқарушы органдар Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан шамамен сағат 22.00-де 50 текше метр су жиналып қалды. 25 үйдің тұрғыны эвакуацияланды. Жеті автобус жұмылдырылды, Талғарда эвакуациялық пунктер дайын тұр (№ 13 орта мектеп, № 31 орта мектеп, Экономикалық колледж, Медициналық колледж).
28 ақпанда сағат 00.45-те эвакуациялау жұмыстары аяқталды (барлық тұрғын туыстарының үйлеріне орналасты).
Сондай-ақ, 27 ақпанда сағат 13.30-да жауын-шашын мен қар еруінің нәтижесінде бірнеше автожолды су басқаны айтылады (қозғалыс тоқтатылған жоқ):
- Жамбыл ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент тасжолының 134-шақырымы;
- Еңбекшіқазақ ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Көкпек - Көктал тасжолының 30-шақырымы;
- Талгар ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Талғар тасжолының 64-шақырымы;
- Қарасай ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Жандосов жолының 22,25,43-шақырымы.
Мұнымен қоса, Алматы және Алматы облысының тұрғындары Желіде төтенше жағдайдың видеоларын жариялап жатыр.