Cу басу қаупіне байланысты Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғыны эвакуацияланды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Cу басу қаупіне байланысты Алматы облысындағы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғыны эвакуацияланды Куәгер жолдаған сурет

Су басу қаупіне байланысты жергілікті атқарушы органдар Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Су басу қаупіне байланысты жергілікті атқарушы органдар Алматы облысы Талғар ауданы Тұздыбастау ауылының 1000 тұрғынын қауіпсіз жерге көшірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жауын-шашын мен қардың еруі салдарынан шамамен сағат 22.00-де 50 текше метр су жиналып қалды. 25 үйдің тұрғыны эвакуацияланды. Жеті автобус жұмылдырылды, Талғарда эвакуациялық пунктер дайын тұр (№ 13 орта мектеп, № 31 орта мектеп, Экономикалық колледж, Медициналық колледж).

28 ақпанда сағат 00.45-те эвакуациялау жұмыстары аяқталды (барлық тұрғын туыстарының үйлеріне орналасты).

Сондай-ақ, 27 ақпанда сағат 13.30-да жауын-шашын мен қар еруінің нәтижесінде бірнеше автожолды су басқаны айтылады (қозғалыс тоқтатылған жоқ):

- Жамбыл ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Ташкент тасжолының 134-шақырымы;

- Еңбекшіқазақ ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Көкпек - Көктал тасжолының 30-шақырымы;

- Талгар ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Талғар тасжолының 64-шақырымы;

- Қарасай ауданы, республикалық маңызы бар Алматы - Жандосов жолының 22,25,43-шақырымы.

Мұнымен қоса, Алматы және Алматы облысының тұрғындары Желіде төтенше жағдайдың видеоларын жариялап жатыр.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети