Ақмола облыстық ІІД жүргізушіні қуамын деп мерт болған полиция сержанты Рүстем Айтмағанбетовтың оқиғасына қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақмола облыстық ІІД жүргізушіні қуамын деп мерт болған полиция сержанты Рүстем Айтмағанбетовтың оқиғасына қатысты жаңа деректерді айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жол апатының 26 желтоқсанда болғаны белгілі. Айтмағанбетов қызметте жүрген кезде "Екатеринбург - Алматы" тасжолында ереже бұзған жүргізушіні қуамын деп апатқа ұшыраған болатын. Жол апаты салдарынан полиция сержанты Рүстем Айтмағанбетов оқиға орнында қаза тапты.
Облыстық ІІД өкілдерінің Tengrinews.kz редакциясы жолдаған сауалға берген жауабында автокөлікте тағы бір полицейдің болғаны айтылады. "Көлікте отырған тағы бір полиция қызметкері зардап шеккен жоқ. Ол қазіргі уақытта жұмыс орнында", - деді Ақмола облыстық ІІД өкілдері.
Еске салайық, бұл қайғылы оқиға 26 желтоқсанда болған еді. Кейінірек осы қайғылы жағдайға байланысты ІІБ мен ҰҰ ардагерлерінің кеңесі және Ақмола облысының Ішкі істер департаментінің жеке құрамы полиция сержантының қайғылы қазасына байлансты отставкадағы полиция старшинасы Серік Айтмағанбетовке және тусытары мен жақындарын көңіл білдірген еді.
Айта кетейік, полицияға Айтмағамбетов Рүстем ұзақ жылдар ішкі істер органдарында қызмет еткен әкесі әкесінің ізімен келген. Айтмағамбетов Серік қызметін 1991 жылы жол-патрульдік полициясының шенінде бастап, 25 жыл бойы қызмет еткен.
Ал кеше, 29 желтоқсанда полицей ақтық сапарға шығарылды.