08 қазан 2018 | 14:31

ІІД өкілдері әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіге тағайындалған жазаны түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы қалалық ІІД өкілдері әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізуші Назар Ролланның неліктен алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Алматы қалалық ІІД өкілдері әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізуші Назар Ролланның неліктен алты айға жүргізуші куәлігінен айырылуы мүмкін екенін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы қалалық ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, заңнамаға сәйкес, қарсы бағытта жүрген жүргізушіге тағайындалатын максималды жаза - алты айға жүргізуші куәлігінен айыру.

"Іс материалдары әкімшілік сотқа жолданды. Заңға сәйкес барлық шараны қабылдадық. Қалғаны соттың құзыретінде. Барлық ереже бұзушылық үшін жеке жазаланады. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске сәйкес, ол айыппұл төлеуі тиіс, ал қарсы бағытта жүргені үшін жүргізуші куәлігінен айырылады. Қарсы бағытта жүргені үшін тағайындалатын максималды жаза - егер ол оны алғаш рет жасаса, алты айға куәлігінен айырылады. Ол әрекет одан кейін тағы қайталанса, бір жыл немесе одан да көп уақытқа жүргізуші куәлігінен айырылады", - деп түсіндірді қалалық ІІД ресми өкілі.

Сондай-ақ, ІІД өкілдері алматылық жүргізушінің Instagram желісіндегі парақшасында жарияланған видеоматериалдармен танысты.

"Instagram желісіндегі екінші жазбасы оны заңға бағынбайтын, тәртіпсіз, әлеуметтік және моральдық деңгейі төмен адам екенін көрсетіп отыр", - деп пікір білдірді Салтанат Әзірбек.

Бұдан бөлек полициядағылар Instagram желісіндегі Nelegal.kz паблигіндегі Назар Роллан түсірілген материалдармен танысқан.

"Алматы полициясы осы пабликті бақылауға кірісті. Бүгінде ол парақшада 174 жазба бар. 85 видео мен 89 фотоматериал қаралды. Жол қозғалысы ережелері үшін 5 хаттама толтырылды. Қалған жағдайлар бойынша Жергілікті полиция қызметкерлері заңнамаға сәйкес шаралар қабылдап, жауапкершілікке тартады", - деп хабарлады Әзірбек.

Еске сала кетейік, мұның алдында Алматы полициясының әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жүргізушіні іздеп тапқаны хабарланған болатын.

"1998 жылғы жүргізушіге қатысты 5 хаттама толтырылды. ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590-бабы 1-бөлігі бойынша 1 қазанда Land Cruiser Prado автокөлігін - 28 қыркүйекте Lexus автомобилін мемлекеттік нөмірсіз жүргізу; үшінші хаттама - 596-бабы 3 бөлігі 28 қыркүйекте жолдың қарсы бетіне шығып кету; төртінші хаттама - маневр жасау және жолаушыларды тасымалдау - ол шанамен сырғанаған, бесінші хаттама - маневр жасау ережелерін бұзу. Іс материалдары сотқа жіберіледі, ол көлік жүргізу құқығынан айырылады. Барлық тағылған айыппен жүргізуші келісті", - деген еді Салтанат Әзірбек. 

Алматыда әл-Фараби даңғылымен қарсы бағытта жүрген жігіт туралы не белгілі

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Не рекомендуется повторять! Специально для @nelegal.kaz

Публикация от Nazar Rollan (@nazarrollan)

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети