24 шілде 2017 | 16:07

Дәрігерлер 50 жастағы педофилдің үйінен табылған бес жастағы қыздың жағдайы туралы айтып берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© kriminalka.kz © kriminalka.kz

Қарағанды облысында педофилдің әректтерінен зардап шеккен бес жастағы қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысында педофилдің әректтерінен зардап шеккен бес жастағы қызға алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Дәрігерлер қыздың жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облысының Денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, 23 шілдеде қыз жедел жәрдем көлігімен Сәтбаев ауруханасына жеткізілген. Дәрігерлер алғашқы көмек көрсетіп, ары қарай емдеп жатыр. 

"Иә, мұндай дерек тіркелді. Баланы жедел жәрдем көлігімен жеткізді. Оны тексеріп, қажетті медициналық көмек көрсетілді. Қажетті емін алып жатыр. Бүгін оны ары қарай емдеу үшін облыстық ауруханаға ауыстырады. Оның жағдай орташа деңгейде ауыр деп бағаланып отыр", - дейді баспасөз қызметінің өкілдері. 

Денсаулық басқармасы өкілдерінің айтуынша, қазір қызбен психологтар жұмыс істеп жатыр. Ол жансақтау бөлімінде емес. 

Еске салайық, Сәтбаев қаласында жоғалып кеткен 5 жастағы қыз жергілікті 50 жастағы тұрғынның пәтерінен табылды. Ол қызды пәтеріне алдап кіргізген. Ер адам қызды зорлағанын мойындады. Қазір бұл дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. 

Күдікті уақытша ұстау абақтысына қамалды. Қажетті сараптамалар тағайындалды. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети