Денсаулық сақтау басқармасындағылар Алматыда Жаңа жыл түні жол апатына түскен жедел жәрдем көлігінде болған медқызметкерлердің жағдайы туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Белгілі болғандай, фельдшер мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі ауыр жарақат алған.

Ауруханаға үш адам жеткізілген, соның ішінде жеңіл көліктің жүргізушісі де бар. Тексеру жүргізілгеннен кейін ол ауруханаға жатудан бас тартқан.
"Фельдшердің бас сүйек миы зақымдалып, жараланған және қабырғалары сынған. Жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі кеуде тұсынан жарақат алған, сол тізесін жарақаттаған. Фельдшерге кіші ота жасалған", - деді Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасындағылар. Қазіргі уақытта олардың жағдайы тұрақты.
Жол-көлік оқиғасы Рысқұлов даңғылының Бөкейханов көшесімен қиылысқан жерде болған. Жедел жәрдем көлігі шақыртуға бара жатып, жеңіл автокөлікпен соғысқан.