Астанада босанып, кейін қайтыс болған екі әйелде жүкті болған кезде соматикалық аурулар байқалған. Бұл туралы Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары міндетін атқарушы Сәуле Мұқышева айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Екі әйел қайтыс болды. Біріншісі - 1983 жылғы келіншек 21 маусымда таңғы сағат 5-терде қайтыс болды. Ол өзі босанды. Екіншісі 31 жастағы келіншек 25 маусымда сағат 04.03-те қайтыс болды. Ол Кесарев тілігімен босанды. Екеуінде де соматикалық аурулар тіркелді", - деп хабарлады Мұқышева.
Оның айтуынша, мұндай жағдай №1 перинаталдық орталықта соңғы екі жылда бірінші рет тіркеліп отыр.
"Балалар тірі. Ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр", - деді ол.
Еске сала кетейік, осыған дейін Астанада босанған екі әйелдің қайтыс болғаны хабарланған болатын.