Дәрігерлер Астанада тағы бір әйелдің қайтыс болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Дәрігерлер Астанада тағы бір әйелдің қайтыс болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада брифинг барысында Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әлия Рүстемова елордалық № 1 перинаталдық орталығында әйел адамның қайтыс болғанын мәлімдеді.
"1 қыркүйекте 22.20-да бесінші өлім тіркелді... Бұл кенеттен болған жағдай. Алдын ала "Су қағанағының қан эмболиясы (қан тамырларының бітеліп қалуы)" диагнозы қойылған. 2 қыркүйекте патологоанатомиялық зерттеуден кейін диагноз расталды. Алайда бұл алдын ала диагноз. Нақты себебін бізге бір аптадан соң гистологиялық тексерістен соң береді", - деді Әлия Рүстемова.
"Негізінде эмболия босанатын әйелдердің кенеттен қайтыс болуына себепші болатын аурулардың бірі. (...) Жүрек қағысы тоқтаған кезде, баланы аман алып қалу үшін баланы іштен жарып алу әдісі қолданылған", - деді ол.
Астананың штаттан тыс Бас акушер-гинекологы Иван Коркан бұл оқиғаның жыл басынан бері бесінші жағдай екенін айтты.
"Мұны дәрігердің қателігі деу - дұрыс емес. Бүгінде баланы еш алаңсыз көтеріп жүре алатын, емін-еркін босана алатын әйелдердің көрсеткіші - небәрі 15 пайыз. Басқа әйелдер қандай да бір аурумен ауырады және ол жүктілікке әсерін береді", - деді Иван Коркан.
"Баланы аман алып қалдық. Оның жағдайы ауыр. Бала тірі және өмір сүреді", - деді Астананың Бас штаттан тыс акушер-гинекологы.
Айта кетейік, Астанада 21 маусымда № 1 перинаталдық орталықта әйел адам қайтыс болды, екіншісі 25 маусымда. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, екі әйел де жүктілікке қатысы жоқ экстрагениталды аурумен ауырған. 2 шілдеде Орталықта тағы бір әйел қайтыс болды. 16 шілдеде № 2 перинаталдық орталықта босанғалы жатқан әйел қайтыс болды.
Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, жыл басынан бері Қазақстанда босанғалы жатқан 30-дан аса әйел қайтыс болған.