23 қыркүйек 2014 16:44

Дәрігерлер жол апатынан зардап шеккендердің жағдайы жөнінде түсінік берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©СТВ/"Территория происшествий" ©СТВ/"Территория происшествий"

Royal Petrol компаниясының жанармай тасушы көлігі, жолаушылар автобусы мен жеңіл автокөліктің соқтығысуы салдарынан екі адам ауруханаға түскен, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің жетекшісі Лейла Кеңесбаеваға сілтеме жасап. Медициналық көмек барлығы 14 адамға көрсетілді.

"Жол-көлік оқиғасынан соң жеті адам №7 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, олардың екеуі ауруханаға жатты. Біреуінде - сынық жарақаты, екінші пациент омыртқасын ауыртып алған. Екі адам ауруханаға жатудан бас тартты, тағы үш адам амбулаториялық емдеуге жіберілді. Бұдан бөлек, үш адам №4 ауруханаға жеткізілді, онда дәрігерлер науқастарды тексерген соң оларға амбулаториялық ем белгіледі. Зардап шеккен тағы төрт адам облыстық ауруханаға жеткізілген, олардың жағдайы орташа тұрақты деңгейде", - дейді Кеңесбаева.

Еске сала кетейік, жанармай тасушы көлік, №56 жолаушылар автобусы мен Mercedes автокөлігі 22 қыркүйек күні Алматыдағы Палладин және Жұмабаев көшелерінің қиылысында соқтығысқан еді. Жол-көлік оқиғасынан автобус жүргізушісі қайтыс болды, оның отбасына 250 мың теңге көлемінде материалдық көмек берілді. Ер адам 24 қыркүйек күні Таразда жерленеді. 

Алматы қаласы ІІД Анықтау басқармасы кісі өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабымен қылмыстық іс қозғады. Соның аясында тиісті сараптама жүргізіледі. Тергеу басталды. Айта кетейік, жанармай тасушы көлік автобусқа соғылған кезде өрт тұтанған жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети