Дәрігерлер Қарағандыда эскалатордан құлаған жігіттің жағдайын айтты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Қарағандыда эскалатордан құлаған жігіттің жағдайын айтты видео кадры

Дәрігерлер Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде эскалатор баспалдағынан құлаған ер адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Дәрігерлер Қарағандыдағы сауда орталықтарының бірінде эскалатор баспалдағынан құлаған ер адамның жағдайын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мassaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Оқиға "Сити Молл" сауда орталығында болған. Белгісіз ер адам эскалатордан түсіп келе жатқан жігітті себепсіз арқасынан тепкен. Оқиғаның видеосы бір күн бұрын әлеуметтік желіде пайда болды.

Қарағанды ​​облысының Денсаулық сақтау басқармасы зардап шегушінің жағдайына қатысты пікір білдірді. Ер адам дәрігерлердің қарауынан кейін үйіне жіберілген.

"Эскалатордан құлаған ер адам амбулаторлық ем алуға жіберілді. Қазір оның жағдайы тұрақты", - деді ведомство өкілдері.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети