20 шілде 2018 | 17:12

Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті cырттай қамауға алынуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Сотқа Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті Арман Құдайбергеновті сырттай қамауға алу туралы өтініш түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Иконка комментария блок соц сети

Сотқа Денис Тенді өлтірді деген екінші күдікті Арман Құдайбергеновті сырттай қамауға алу туралы өтініш түсті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Денис Теннің өлімі бойынша 2018 жылдың 20 шілдесінде қозғалған қылмыстық іс аясында Алматының Алмалы аудандық сотына ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабының 2-бөлігі 8-тармағы бойынша қылмыс жасады деген күдікке ілінген Арман Құдайбергеновті сырттай қамауға алу туралы өтініш түсті", - деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінің өкілдері.

Айта кетейік, полиция қазіргі уақытта іздестіру шараларын жүргізіп жатыр.

Оның белгілері: бойы 165-170 сантиметр, арықтау келген. Үстінде қара жейде, сұр түсті джинс, қара түсті аяқкиім болған. Күннен қорғайтын көзілдірік киіп алған. Ішкі істер министрілігінің өкілдері қандай да бір мәлімет білетіндерден Алматы қалалық ІІД-не хабарласуды сұрайды: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 немесе 102.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети