Денис Тенді өлтірген екінші күдіктінің суреті жарияланды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

Полиция Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Полиция Денис Тенді өлтірді деген екінші күдіктіні іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің өкілдері екінші күдіктіні іздестіру жұмыстарына толықтай жеке құрам мен аумақтық Ішкі істер департаментінің күштерін жұмылдырды.

Адам өлтірді деген күдікпен Қызылорда облысының тумасы, 1994 жылы дүниеге келген Құдайбергенов Арман Бурибаевич (құжатында осылай көрсетілген) іздестіріліп жатыр.

Белгілері: бойы 165-170 сантиметр, арықтау келген. Үстінде қара жейде, сұр түсті джинс, қара түсті аяқкиім болған. Күннен қорғайтын көзілдірік киіп алған.

Ішкі істер министрілігінің өкілдері қандай да бір мәлімет білетіндерден Алматы қалалық ІІД-не хабарласуды сұрайды: 8 (7272) 54-40-42, 54-40-18, 54-41-00, 54-43-66 немесе 102.

Мұның алдында Денис Тенді өлтірді деген күдіктілердің бірінің ұсталып, өз қылмысын мойындағаны айтылған еді. Алматы прокурорының мәліметінше, ұсталған бірінші күдіктінің аты-жөні - Қиясов Нұралы Дәулетбекұлы. Күдікті 1994 жылы дүниеге келген, Жамбыл облысының тумасы. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ, кеше, дәрігерлер Денис Тенді неге аман алып қала алмағанын түсіндірген болатын. Орталық қалалық клиникалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ержан Құттығожиннің айтуынша, Денис Тен ауруханаға сағат 15.23-те түсті.

"Барлық туысы мен жақынына көңіл айтамын. Кенеттен келген өлім болды. Клиникаға аса ауыр жағдайда түсті. Екі сағаттан аса уақыт бойы жүрегі мен өкпесіне жансақтау шаралары жүргізілді. Бірақ, амал не, қайтыс болды. Өмірлік маңызы бар органдарындағы жарақаттар таңып қайтыс болды", - деп түсіндірген еді дәрігер.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro