19 шілде 2018 17:01

Денис Тенге кімнің шабуылдағаны анықталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.


Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы қалалық ІІД өкілдеріне сілтеме жасап. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты.

Оқиға бүгін, 19 шілдеде шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. 

"Тен Денис Юрьевич көлігінен айна ұрлап жатқан анықталмаған екі адамның үстінен түскен. Жанжал барысында Денис Тенге пышақ жарақаты тиген. Осы дерек бойынша тергеу басталып, күдіктілерді ұстауға бағытталған барлық шара жүргізіліп жатыр", - деді ІІД өкілдері.

Мұнымен қатар, Алматы қалалық Денсаулық сақтау басқармасы мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің жағдайы жайлы мәлімет берді

"2018 жылдың 19 шілдесінде Жедел жәрдем станциясының пультіне сағат 14.56-да пышақ жарақатын алған адамға байланысты шақырту түсті, оқиға орнына жедел жәрдем бригадасы шұғыл түрде аттанды. Науқас Денис Тен жедел жәрдем көлігімен Орталық қалалық клиникалық ауруханасына жеткізілді, алдын ала диагноз - "Оң жақ жоғарғы үшінші санының жарақаты. Сан тамырларының жарақаты. Қан жоғалту", - делінген хабарламада.

Ауруханаға түскен сәттен бастап науқастың жағдайы аса ауыр деп бағаланды, шұғыл түрде жансақтау шаралары басталып, жансақтау шараларымен қатар науқасқа барлық қажетті мамандардың қатысуымен шұғыл ем жасалып жатқаны айтылады. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.49   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети