"Дөңгелегін ауыстырып жатқан": Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Дөңгелегін ауыстырып жатқан": Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырады Фото:t.me/POLICE_of_KZ

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, ер адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Талдықорғанда жедел жәрдем көлігі жол апатына ұшырап, ер адам қаза болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Оқиға 30 қазанға қараған түні Талдықорғанның орталығында болған. Audi 80 және Hyundai Solati автокөліктері соқтығысқан.

"54 жастағы жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі Балпық би көшесімен келе жатып, жол жиегінде тұрған Audi көлігімен соқтығысады. Соққы кезінде неміс шетелдік көлігінің 37 жастағы жүргізушісі жолаушысымен бірге көліктің артқы дөңгелегін ауыстырып жатқаны алдын ала анықталды", - делінген хабарламада.

Жеңіл көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды. Сондай-ақ, 36 жастағы ер адам түрлі дене жарақаттарымен аурухананың реанимация бөліміне жатқызылды.

"Қажетті сараптамалар тағайындалып, ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлімінде көзделген тергеу амалдары басталды. Қылмыстық істі тергеуді облыстық полиция департаменті бақылауға алды", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети