Дубайда ұсталған қазақтардың кінәсі анықталды

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Асылбек Шұқыранов Фото Nur.kz Асылбек Шұқыранов Фото Nur.kz

Дубайда жүріп ұсталған батысқазақстандық азаматтың мәлімдеуінше, араб елінің арнайы қызметі оларды Сириядағы қазақстандықтармен байланысы бар деп күдіктенген деп хабарлайды Tengrinews.kz "Астана" арнасына сілтеме жасап. Мұндай тосын жай туралы Дубайда қамауда отырып, таяуда ғана елге оралған Асылбек Шұқыранов есімді азамат айтып отыр. Қамауға алынғаннан кейін арабтың арнайы қызметі олардан заңсыздық әрекет таппағаннан кейін елге қайтарылған көрінеді. "Олар бізді Сириядағы қазақтармен байланысы бар деп кінәлады. Қиын кезде бізге қол ұшын созған Қазақстан билігіне алғыс айтамыз. Шынын айтсақ, арабтардың мұсылмандарға мұндай көзқараста болатынын күтпеп едік. Қазір аман-есен елге оралдық, бірақ отбасымыз сонда қалды. Оларды қайтарып алуға ел билігінің көмектесетінінен үміттіміз", - дейді қамауда болғандардың бірі оралдық Асылбек Шұқыранов. Шетелде жүріп қамауға алынғандардың бірі Мирғалым Сейітқалив: "Жолдасым қалды менің, ол кісімен хабарласып тұрамыз. Елшілікке документтерін тапсырды. Енді қағаз күтіп отырмыз, мәселелер шешіледі деді. Иншалла, шешіледі деп отырмыз. Мына жақтан хабарласып, көмектеседі деп жатыр", - дейді өзінің отбасы туралы. Бұл оқиға өткен жылдың қазан айының 30 күні Біріккен Араб Әмірлігінде орын алған болатын. Қамауға алынғандардың бірі Асылбек Шұқыранов ұзақ жылдардан бері сол жақта көлік саудасымен айналысқан. Шулы оқиғадан кейін отандасымыздың фирмасы да жіті тексеріліп, жұмысынан заңға қайшы әрекет анықталмаған. Дубай түрмесінен босап шыққан олардың отбасылары елге қашан қайтарылатыны әзірге белгісіз.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 517.1  course up  588.21  course up  6.23  course down

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro